RU
Назарбаев еңбекқор шымкенттіктерге тәнті екенін айтты
Жаңалықтар Қоғам

Назарбаев еңбекқор шымкенттіктерге тәнті екенін айтты

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентте әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмысымен танысты деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда
Source: UGC

Орталық қала тұрғындары мен шетелдік инвесторларға мемлекеттік қызметтерді цифрлық форматта көрсетуге бейімделген.

Елбасына экономика, агроөнеркәсіп кешені, білім, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, денсаулық сақтау, көлік және қауіпсіздік салаларында цифрландыру жобаларының қалай жүзеге асырылып жатқандығы таныстырылды.

Мемлекет басшысы жұмыс барысымен танысып, тұрғындарға цифрландыру бағдарламасының мемлекеттік қызметті ұсыну сапасын жоғарылату әрі жеделдету тұрғысынан қаншалықты маңызды екенін атап өтті.

"Шымкент үлкен мегаполиске айналуда. Мұнда жаңа жобалар жүзеге асырылып жатыр. Шымкенттіктердің еңбекқорлығы қала дамуының басты кепілі болып отыр. Басты бағыт – шағын және орта бизнес болып отыр. Оны дамыту үшін,тиісті қолдау көрсету керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel