RU
Назарбаев Шымкенттің дамуы жайлы: орынсыз құрылысты қою керек
Жаңалықтар Қоғам

Назарбаев Шымкенттің дамуы жайлы: орынсыз құрылысты қою керек

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне арналған жиын өткізді деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Қала билігінің алдында сөз сөйлеген мемлекет басшысы шаһардың алдында тұрған жаңа мақсат-міндеттерді сөз етті.

"Шымкент еліміздегі үшінші мегаполис қала атанып отырғандықтан, Астана мен Алматы сияқты өзінің даму жолын өзгертуі тиіс. Қазір қалада түрлі жобалар жүзеге асырылып жатыр, сол сияқты жоспарланып отырған қаншама жоба бар. Сондықтан бүгін бізге қаланың нақты даму стратегиясын айқындап, Шымкенттің одан арғы даму жолын талқылау керек", - деді мемлекет басшысы.

Президент өз кезегінде, Шымкент алдағы уақытта қай бағытта дамитынын да атап өтті.

"Шымкент алдағы уақытта Орталық Азияның ірі экономикалық орталығына айналуы тиіс. Мұнда қала тұрғындары мен қонақтарына барлық жағдай жасалуы керек. Қаланың жаңа даму стратегиясы өңірдегі ірі өнеркәсіптік, инновациялық, туристік, сауда және логистикалық орталыққа айналуды көздеуі тіис", - деді елбасы.

Президент, сондай-ақ, мегаполистің туристік әлеуетін арттыру қажеттігін айтты.

"Шымкент туристерді тарту орталығына айналу керек. Бұл тұрғыда халықаралық ынтымақтастықты ұмытпаған жөн. Мысалы Ресей Федерациясымен бірлесіп өткізілетін аймақаралық форумды көршілес Өзбекстанмен де өткізу керек. Үкімет пен қала әкімдігіне Шымкентте өтетін халықаралық деңгейдегі шаралар жоспарын жасауды тапсырамын", - деді Қазақстан президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев қала сәулетінің бұзылмау мәселесін де көтерді. Мемлекет басшысының айтуынша, шаһар қала құрылысына "ақылды технологияларды" қолдануы қажет екен.

"Сәулет ережелерін бұзбауды қадағалау керек. Сондай-ақ, орынсыз нысандар мен бір қабатты үйлердің салынуын тоқтату керек. Ескі үйлерді сүріп, орнына әдемі саябақтар, спорт алаңдарын, көп қабатты үйлер мен бизнес-орталықтар салу керек", - деді президент.

Сөз соңында мемлекет басшысы қаладағы әлеуметтік нысандар құрылысына тоқталып өтті. Бұл тұрғыда елбасы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін пайдаланған жөн деді. Сонымен бірге, президент "7-20-25" бағдарламасының артықшылықтары туралы халыққа кеңінен түсіндіру керектігін айтты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel