RU
Атақты Криштиану Роналду қыз зорлады деп айыпталып отыр
Жаңалықтар Спорт

Атақты Криштиану Роналду қыз зорлады деп айыпталып отыр

Рассказать Вконтакте

Америкалық Кэтрин Майорга есімді бойжеткен әйгілі Криштиану Роналдуны зорлады деп айыптап отыр деп хабарлайды Spiegel-ге сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Спорт-Экспресс

Фото: Спорт-Экспресс
Source: UGC

Атақты футболшының қыз зорлағаны жайлы ақпаратты басылым бұған дейін де жариялаған еді. Алайда ол кезде бойжеткеннің аты-жөні құпия сақталған еді.

Басылымның мәліметінше, оқиға 2009 жылдың маусым айында болыпты. Футболшы сол уақытта Американың Лас-Вегас қаласында демалысқа барыпты. Басылым берген ақпаратқа сәйкес, спортшы шу шығармас үшін, аруға 375 мың АҚШ долларын беріп құтылыпты. Келісім бойынша, бойжеткен ақшасын алып, аталған айыпты ұмытуы тиіс еді.

Десе де, мақала шыққан соң, Роналду аталған ақпаратты жалған деп, басылымды сотқа беремін деп мәлімдеген еді.

Бүгінде Кэтрин Майорганың жасы 34-ке келген. Ол болған оқиға жайлы алғаш рет мәлім еткен көрінеді. Футболшы болса, бойжеткен таққан айыпты жоққа шығарып отыр. Ол онымен жақындасқанымен, алайда бәрі келісім бойынша жасалғандығын айтқан.

Сіздің реакцияңыз
0
0
3
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel