RU
Бұрынғы жігітімнің әкесіне ғашықпын: жас ару көпшілікке жан сырын ақтарды
Жаңалықтар Қоғам

Бұрынғы жігітімнің әкесіне ғашықпын: жас ару көпшілікке жан сырын ақтарды

Рассказать Вконтакте

Белгісіз ару бұрынғы жігітінің әкесіне ғашық екенін айтып, жан сырын ақтарды. Өзінің әкесімен жасты ер адамға көңіл қосқысы келетін бойжеткен көпшіліктен кеңес сұрады деп жазады NUR.KZ.

Көрнекі фото: rus.azattyq.org

Көрнекі фото: rus.azattyq.org
Source: UGC

Ол басынан өткен жағдайын Instagram парақшасындағы пабликтердің бірінде жариялаған. Бойжеткен:

"Көпке аты-жөнімді таныстырмауды жөн санадым. Сіздердің пікірлеріңізде білсем деп едім. Қазір бәрі мені сөгуі мүмкін, алайда айтайын дегенім, осыдан 5 жыл бұрын мен өзіммен жасты жігітпен жүрген едім. Оны сүйдім, алайда ол 11 сынып бітірген соң шетелге кетіп, ара-қатынасымыз үзілді.

Мен студентпін, жақында ғана оның әкесін кездестіріп қалдым. Ол мені үйімен дейін әкеп тастап, телефон номерімді алып қалды. Хабарлама жазып, хабарласып тұрамыз. Оның жасы қырыққа тақап қалса да, жас көрінеді. Бір-екі рет кездесіп те көрдік. Айтуынша, қазір әйелімен ажырасқан.

Бірақ неге екені белгісіз, оған деген сезімім бар екенін сеземін. Бәріне оғаш көрінуі мүмкін, бірақ шындық осы. Қандай кеңес бересіздер? Бұрынғы жігітіме не айтпақпын? Бірақ сол үшін, қазіргі махаббатымнан да айырылғым келмейді", - деп жазған.

Желі қолданушыларының аталған жайтқа қатысты пікірлер екіге айырылған. Олардың бірі "Әкеңмен жасты адамды қайтесің" деп жатса, енді бірі "Махаббат жасқа қарамайды" деген пікірлерін білдірген.

Сіздің реакцияңыз
34
7
3
3
3
8
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel