RU
Назарбаев "Turkistan" арнайы аймағын құру туралы тапсырма берді
Жаңалықтар Қоғам

Назарбаев "Turkistan" арнайы аймағын құру туралы тапсырма берді

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев бір айдың ішінде үкіметке Turkistan арнайы экономикалық аймағын құру туралы тапсырма берді деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Atameken Business Channel

Фото: Atameken Business Channel

Аталмыш жарлыққа мемлекет басшысы бүгін қол қойған.

Онда "Үкіметке соңғы бір ай ішінде Turkistan арнайы экономикалық аймағын құру тапсырмасы берілді" деп жазылған.

Елбасы сондай-ақ, Түркістанды түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөніндегі бас жоспардың тұжырымдамасын да мақұлдаған.

Ендігі кезекте үкімет пен Түркістан облысы әкімдігіне аталған жарлықты орындау ісі тапсырылған. Ал, аталған жарлықтарды орындау жұмысын президент әкімшілігінің өзі бақылауға алмақ. Құжат қол қойылған күннен бастап өз күшіне енбек.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel