RU
Қала билігі Астана базарларының былығын әшкереледі
Жаңалықтар Қоғам

Қала билігі Астана базарларының былығын әшкереледі

Рассказать Вконтакте

Астана әкімдігі қаладағы ірі базар басшыларымен кездесу өткізді деп жазады елорданың ресми сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: pkzsk.info

Фото: pkzsk.info
Source: UGC

Кездесуге қаладағы "Алаш", "Шарын", "Сапар", "Әмір" және "Биг Шанхай" базарларының басшылары қатысқан. Әкімдік берген мәліметке сәйкес, тексеру барысында елорда базарлары маңынан 160-тан астам заңсыз құрылыс табылған.

Сондай-ақ, барлық сауда нүктелерінде кассалық аппарат пен тіркеу, тауарды қоймаға сақтау және металл құрылғылары жоқ болып шыққан. Бұған қоса, санитарлық норма мен өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмағандығы анықталған.

Тіпті, базар басшыларының уақытша нысандардан мемлекеттің жерінде сауда жасағаны үшін, заңсыз ақша алып отырғандығы да әшекереленген.

Әкімдік аталған "былықты тез арада жөнге келтіріп", үш күннің ішінде заңсыз нысандарды сүру талабын қойды. Сонымен бірге, шаһар атқамінерлері автотұрақ орнын контейнерлер мен павильондардан босату қажеттігін айтқан.

"Біз тек бәрі заң шеңберінде әрі қала халқының игілігі үшін жасалса дейміз. Көбі сіздердің базарларыңызға бармайды, себебі сөздің ашығын айтсақ, ол жақ былығып жатыр",-деді қала билігі.
Сіздің реакцияңыз
1
1
3
2
3
3
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel