RU
Алматылық бойжеткен шашы қысқа анасын "шайтанға" балап қашып кеткен
Жаңалықтар Қоғам

Алматылық бойжеткен шашы қысқа анасын "шайтанға" балап қашып кеткен

Рассказать Вконтакте

19 жастағы алматылық студент қыз бір ай ішінде сәләфизм ағымына кіріп, оқуын тастап, анасынан безіп кеткен деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.

Фото: CityDog.by

Фото: CityDog.by
Source: UGC

Жат ағымның жетегінде кеткен бойжеткенді достары сәләфизмді ұстанатын өзінен 20 жас үлкен еркекпен таныстырыпты. Миы уланған ару небары бір аптаның ішінде хиджапқа оранып, тіпті үйінен қашып кеткен.

"Жасы 19 ға енді толған. Студент қой. Таныс қыздары екі баласы бар, базарда балық сататын еркекпен таныстырған. Күйеуі 1979 жылғы, қызымнан жиырма жас үлкен. Әйелі қайтыс болып кеткен дейді. Меніңше өтірік.
Сол еркекпен жасырын некесін қиып, екіқабат болған. Бір күнде тұмшаланып, оранып шыға келгенін көріп, шошып кеттім. Мұның дұрыс емес, мешітке имамдарға барайық десем түсінбеді. Мені тіпті көзге ілмейді. Шашым қысқа еді. Соған "сен шайтансың" деп, қақаған қыста бір айға толмаған баласын алып, терезеден шығып, қашып кеткен" ,- дейді атын құпия қалдыруды сұраған ана.

Шарасыз ана құзырлы органдарға барудан қорқып, бірден дін істер басқармасының жанындағы оңалту орталығына барған. Бір ай курстан өтіп, өзі де намазға жығылу арқылы, қызымен қайта тіл табысыпты.

"Мамандар маған қызыңды түзу жолға салу үшін, намазға оқып, имандылыққа кел. Сосын бірте-бірте балаңа ұстанған жолының қате екенін түсіндір деп кеңес берді. Мен ойланбастан бес уақыт намаз оқып, шашымды өсірдім. Жарты жылдан соң қызыммен татуласып, немеремді үйге әкелді. Сонда алғаш рет көрдім күйеу баланы. Телефон арқылы қызыма ұстанған мәсхабы қате екенін айтып, түсіндіріп жүр едім. Енді күйеуі оған үйде телефон ұстауға тиым салыпты. Бар сылтауы телефонмен сөйлессе, бала қараусыз қалады екен", - дейді алматылық келіншек.

Аталған жәйтті "Шаңырақ" діни мәселелер бойынша алдын алу, кеңес беру және оңалту орталығының басшылығы растап отыр.

"Ол әйел бізге келіп сабақ алып алды, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қызы кері ағымның "фанаткасы" деуге болады. Оларға бұл қате ағым, ұстанған жолың дұрыс емес десең өзіңді "кәпірге" балап, ерегісіп кетеді. Сондықтан да анасы дін жолын ұстану арқылы, баласының сеніміне кіріп, жағдайын түсіндіруін үйреттік. Кері ағымға кеткендерді қайтару бір күндік жұмыс емес. Олар ұзақ уақыттық емді қажет етеді", - дейді Мирхат Мадияров.

Жесір әйел жалғыз қызынан айрылып қалмас үшін бәріне көнгенін жасырмады.

"Жалғыз қызым ғой. Үйленіп, балалы болып жатыр. Құдалық жасау, құдағиларым кім бәрі белгісіз. Осы бір балам теріс айналмасыншы деп дегеніне көніп, ішімнен тынып отырмын", - дейді шарасы біткен ана.

ЕСКЕРТУ! МАТЕРИАЛДЫ КӨШІРІП-БАСУҒА ҚР ЗАҢНАМАСЫМЕН ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!!!

Сіздің реакцияңыз
6
5
5
20
4
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel