RU
Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегіне қандай талаптар қойылғаны белгілі болды
Жаңалықтар Спорт

Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегіне қандай талаптар қойылғаны белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Головкин мен Альварес рингте үшінші рет кездесуі үшін қандай талаптар қойылғаны белгілі болды деп хабарлайды Sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Головкин. Фото:Казинформ

Головкин. Фото:Казинформ
Source: UGC

Бұл жайында Boxingnews24.com-ның журналисті Шон Джонс мәлім етті.

Шон Джонстың айтуынша, Головкин IBF титуылын қайтарған бойда Альвареспен үшінші жекпе-жек өткізу жайында келісімшарт жасай алады.

Айта кетейік, аталмыш титулды Головкиннен Сергей Деревянченкомен алаңға шықпағаны үшін тартып алған болатын. Сол уақыттан бері белдік ешкімге тиесілі емес.

Енді IBF титуылына Деревянченко мен Джейкобс таласатын болады. Жеңімпаз анықталған бойда, Головкин белдік иесін рингке шақыра алады.

Айта кетейік, осыдан аз уақыт бұрын эксперт Геннадий Головкиннің орта салмақтағы үздік бес боксшының тізіміне кірмейтінін айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
3
6
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel