Выйти
RU

Қазақстандық жігіт Шварцнеггерді бұлшық еттерімен қайран қалдырды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандық бодибилдер Сергей Серещев Arnold Classic Europe байқауының жеңімпазы атанып, актер және бодибилдер Арнольд Шварцнеггерден сыйлық алды деп хабарлайды sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қазақстаннан шыққан про-атлет Барселонада өтіп жатқан турнирде "алтын" иеленген. Серещев Men's Classic Physique санатында өнер көрсетіпті.

"Лайықты жеңіс! Сергей Серещев #classicphysique (Классикалық дене бітімі) санатындағы ең үздік спортшы!"- деп құттықтаған Қазақстан бодибилдинг федерациясы.

Марапаттау рәсімінде 27 жастағы қазақстандыққа бес мың доллардың сертификаты табысталды. Ал шыны мүсіншені оған Арнольд Шварцнеггер сыйлады.

"Армандар орындалады және барлығы мүмкін", - деп жазды Сергей Шварцнеггермен түскен суретінің астына.

Arnold Classic Europe туринрі Барселонада 28-30 қыркүйек күндері өтті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстандық жігіт Шварцнеггерді бұлшық еттерімен қайран қалдырды (фото)