RU
ШҚО-ның бас дәрігері жолда адамды өлімнен арашалап қалды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

ШҚО-ның бас дәрігері жолда адамды өлімнен арашалап қалды

Рассказать Вконтакте

28 қыркүйек күні Семей-Өскемен тас жолында күтпеген жол апаты орын алған. Жолда аударылған көлікті басқа автокөліктегі дәрігер мен оның орынбасары байқап, алғашқы медициналық көмек көрсеткен деп хабарлайды Алтайньюс cайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: kaz.altaynews.kz

Фото: kaz.altaynews.kz

23 жастағы Роман мен Анастасияның көлігі жол бойында аударылып қалған. Көлік рөлін дұрыс басқара алмаған азамат оның жолдан шығып кетуіне әкелген көрінеді.

Абырой болғанда, осы тұста тас жолда өтіп бара жатқан көлікте ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов пен оның орынбасары Ілияс Мұхамеджан болыпты.

Олар зардап шеккен жігітке бірден көмек көрсеткен екен.

"Жүргізушіні көліктен алып шығып, мойнын, мойын буындары мен омыртқасын бекітіп, таңдық. Жансыздандыратын дәрі салып, жырылған жарасын емдедік", - дейді Ілияс Мұхамеджан.

Жүргізуші Семей қаласының тұрғыны болып шыққан.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
9
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel