Выйти
RU

Бойжеткен жұрт алдында сезімін білдірген сүйіктісінің бетін қайтарып тастады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде өткен концерттердің бірінде сүйгеніне ұсыныс жасап, сезімін бідірген жігіт қалың жұрттың алдында ыңғайсыз жағдайға қалды деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Сахнаға гүлі мен жүзігін алып келіп, тізерлей отырған жігіттің үміті ақталмады.

Көрермендердің ду қол шапалағы да, тілеген бақытын да елемеген қыз гүлді тастап, сахнадан шығып кеткен.

Айта кетейік, видеоны көрген желі қолданушылары белгісіз бойжеткенді қатал сынға алды.

"Бір жігіттің өмірін құртты-ау", "Ең болмаса сахнада "иә" деп, сыртқа шыққасын айтпайды ма?", "Бар күшін жинап, дайындалғанда қыздардың осылай жасайтыны жаман", "Мына видеодан кейін ешқашан жұрт алдында сезім білдірмеспін" деп жазды ашуланған оқырмандар.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бойжеткен жұрт алдында сезімін білдірген сүйіктісінің бетін қайтарып тастады