Выйти
RU

Сириялық баланы құтқармақ болған әйгілі актриса тікелей эфирде таяқ жеп қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Америкалық актриса әрі әнші Линдси Лохан Мәскеуде сириялық босқын отбасымен тікелей эфир жүргізіп жатқанда шапалақ алып қалды. Бұл туралы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.

Фото: vokrugzvezd.com

Фото: vokrugzvezd.com

Бұл кадрлар видеоға түсіп қалған. Актриса заңсыз түрде көшіріліп жүрген сириялық балаларды тауып алғанын айтқан.

"Балалар, сендер дұрыс бара жатқан жоқсыңдар, менің көлігім мұнда. Кеттік. Олар балаларды заңсыз тасиды, мен сендерді алып кетпейінше, қайтпаймын", - дейді Лохан.

Ол баланы қолынан ұстай бастағанда, оның анасы Лоханның бетінен салып жіберген.

Қорқып кеткен актриса тікелей эфирді тоқтатып тастады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Сириялық баланы құтқармақ болған әйгілі актриса тікелей эфирде таяқ жеп қалды