RU
Желіде қыздарды жыныстық қатынасқа көндірген атыраулықтың басы бәлеге қалды
Жаңалықтар Қоғам

Желіде қыздарды жыныстық қатынасқа көндірген атыраулықтың басы бәлеге қалды

Рассказать Вконтакте

Атыраудың 24 жастағы тұрғыны жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен деп күдіктелуде. Өте жас қыздар онымен әлеуметтік желілер арқылы интимдік хабарламалар жазысқан деп жазады "Ақ жайық" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: azh.kz

Көрнекі фото: azh.kz

Белгілі болғандай, күдікті өз құрбандарымен әлеуметтік желі арқылы танысып, кейбірі ашық түскен суреттерін оған ерікті түрде жолдапты.

Осыдан кейін азамат бойжеткендерді өзімен жыныстық қарым-қатынасқа түспесе, суреттерін желіде жариялаймын деп қорқытқан көрінеді.

Осылайша бір жыл бойы қыздарды қақпанына түсіріп келген жігіт 18, тіпті 15 жастағы оқушыларды да дегеніне көндіріп отырған. Көп өтпей олар болған жағдайды ата-аналарына айтып, полицияға хабар берген.

Қазір күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 121 бабына сәйкес қылмысық іс қозғалып, ол уақытша қамау изоляторына жабылған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
1
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel