Выйти
RU

Ақмола облысының әкімі 50 шақырымды велосипедпен жүріп өткеніне мақтанды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мұрзалин 50 шақырымды велосипедпен жүріп өтті деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл жаңалықпен облыс басшысы өз Instagram парақшасында бөлісті. Мұрзалин арнайы киіммен және велосипедпен тұрған суретін жариялады.

Сурет астындағы жазбада әкімнің бұл шақырымды көктемде жүріп өтпек болғаны жазылған. Мұрзалиннің сөзінше, 2019 жылы ол 100 шақырымды еңсеруді жоспарлап отыр.

Желі қолданушылары әкімнің физикалық дайындығы мен оның жауапкершілігіне жақсы баға берді.

"Нағыз істің адамы. Айтты-істеді", "Керемет", "Әкім , жарайсың", "Сізге сәттілік!", - деп жазды олар.

Мәлік Мұрзалин облыс әкімі қызметін өткен жылдың наурыз айынан бастап атқарған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақмола облысының әкімі 50 шақырымды велосипедпен жүріп өткеніне мақтанды