RU
Қарағанды облысында полицей жаяу жүргіншіні қағып өлтірді
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қарағанды облысында полицей жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысында арнайы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының тәртіп сақшысы жаяу жүргіншіні қағып өлтірді. Оқыс оқиға Шахтинск қаласынан сегіз шақырым жерде тас жолда орын алған. 24 жастағы жігіт алған ауыр жарақаттарының салдарынан оқиға орнында жан тапсырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: aktobetimes.kz

Фото: aktobetimes.kz

Апатты жағдай 30 қыркүйек күні сағат 00:51 шамасында Қарағанды-Шахтинск тас жолында болған. "BMW" маркалы автокөлікті тізгіндеген полиция сержанты 1989 жылғы азаматты қағып кеткен. Оқиға орнында көз жұмған ер адам жұмыссыз екені анықталды.

Марқұмның туыстары әзірге болған жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тартып отыр.

"Тәртіп сақшысыны тұтқындамағанды білеміз. Ол ешқайда кетпеу тілхаты аясында жүр", - дейді туыстары.

Адам өліміне әкеп соқтырған жағдайда көлік тізгінінде болған 29 жастағы полицей құқық қорғау органдарында 2014 жылдан бастап қызмет еткен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel