RU
Қызы өлдіге саналған әйел онымен 6 жылдан соң қайта қауышты (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Қызы өлдіге саналған әйел онымен 6 жылдан соң қайта қауышты (фото)

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Филадельфия қаласында үйі өртеніп, қызынан айырылып қалған ана алты жыл өткен соң оның тірі екенін білген. Әйел адам баласын күлкісі мен шашынан танып қойған деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Life.ru

Фото: Life.ru

Лус дүниеге келгеніне он күн болған қызын үйі өртенген кезде жоғалтып алады. Айтуынша, ол екінші қабатта ұйықтап жатқан. Жалындап жанған отқа қарамастан әйел қызының бөлмесіне кіргенде, оны таба алмаған көрінеді. Ал полиция Лустың сөзіне сенбей, сәбиді өлдіге санаған.

Алты жыл өткен соң әйел мерекелік кештердің бірінде қара шашты Эмилиді көріп қалады. Ол қыздың өзіне бөтен емес екенін бірден сезіп, ДНҚ тест тапсырып көреді.

Белгілі болғандай, Лустың қызын ұрлау үшін оның туысқан әпкесі Каролин үйін әдейі өртеген екен. Содан кейін сәбиді Нью-Джерсиге алып кетіп, өз перзентіндей бауырына басқан.

Каролиннің қылмысы әшкере болған соң ол бірнеше бап бойынша айыпталып, 30 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Эмили өз отбасына қайтарылып, қазір бақытты өмір кешіп жүр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
3
0
0
5
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel