RU
Әуе қызметкері жер сілкінісіне қарамастан жүздеген адамды құтқарып, өзі көз жұмды
Жаңалықтар Әлемде

Әуе қызметкері жер сілкінісіне қарамастан жүздеген адамды құтқарып, өзі көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Индонезияда жер сілкінісіне қарамастан өз бекетінде қалған әуе диспетчері өмірімен қош айтысты деп хабарлайды Риа Новости сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото : AirNav Indonesia

Фото : AirNav Indonesia
Source: UGC

21 жастағы Антониус Гунаван Агунг 28 қыркүйек күні Сулавес аралындағы әуежайда өз бекетінде тұрған. 6,1 баллды құрайтын жер асты дүмпулері басталған сәтте ол жүздеген жолаушылары бар Barik Air әуекомпаниясының жолаушылар рейсі ұшып кетпейінше, диспетчерлік мұнарадан кетуден бас тартқан.

Фото : AirNav Indonesia

Фото : AirNav Indonesia
Source: UGC

Артынша ұшақтың қауіпсіздігіне көз жеткізген жігіт құлап жатқан мұнарадан шығуға тырысқан. Осы уақытта жер дүмпуі 7,4 баллды құрапты.

Осы кезде ол төртінші қабаттан секіруге мәжбүр болған. Нәтижесінде, ішкі органдарына қатты зақым келген екен.

Жақын арадағы ауруханада оған алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Алайда азамат оны ауруханаға апаратын тікұшақ келгенше қайтыс болып кеткен.

Бір айдан соң Агунг 22 жасқа толуы керек еді.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel