RU
Астаналық жігіт мыңдаған оқырманы бар "VIP" жезөкшелерді әшкереледі
Жаңалықтар Қоғам

Астаналық жігіт мыңдаған оқырманы бар "VIP" жезөкшелерді әшкереледі

Рассказать Вконтакте

Астаналық ер-азамат желіде мыңдаған оқырманы бар жас бойжеткендерді сөгіп тастады. Айтуынша, мұндай арулар тәнін саудалау үшін тіпті шетел асып кетуі мүмкін екен деп жазады NUR.KZ.

Көрнекі фото: Postimees

Көрнекі фото: Postimees

Астаналық Арман есімді жігіт (авт. аты-жөні өзгертілді) әлеуметтік желіде мыңдаған оқырманы бар бойжеткендер туралы бар шындықты айтты. Айтуынша, мұндай арулар жарнама арқылы табыс тауып қана қоймай, шетелге жеңіл ақша табу үшін шығады екен.

"Айтсам, сенбейсіздер, осында кәсібі бар, ауқатты досым бар. Алдында желіде мыңданған оқырманы бар бойжеткен танысқан екен. Жолдасым сүр бойдақ, сол қызды кездесуге шақырып, әңгімеге тартып көріпті. Қымбат мейрамханаға барып, шарап ішіп, әңгімелескеннен кейін әлгі бойжеткен бар шындықты жайып салған. Астанада түрлі эксорт агенттіктер бар деп еститінмін.

Бірақ олар осындай желіде танымал, жүз мыңнан астам оқырманы бар аруларды пайдаланады деп ойламаппын. Айтуынша, оларға ауқатты адамдар тапсырыс жасаса, шетел асып, тәнін саудалаудан тайынбайтын көрінеді.

Желіде тұрақты жұмыстары жоқ екенін, алайда жарнама мен осындай "тірліктерінің" арқасында миллиондап ақша табатынын бірі білсе, біле бермейді. Қысқасы, жігіттерге айтарым, әлеуметтік желілерде танымал қызардан аулақ болсаңыздар екен деймін. Оларды жақсы әйел атанып, отбасының берекесін келтіретін ана болады деп айта алмаймын", - дейді азамат.

Сондай-ақ ол мұндай бойжеткендерді өзара "VIP" жезөкшелер деп айтатынын баяндады.

"Басқа сөзбен айтқанда, тек ауқаттыларға ғана қызмет көрсететін, Дубай, Қытай, Тайланд сияқты түрлі елдерге баратын "VIP" жезөкшелердің өзі. Әрине, көпке топырақ шашуға болмайды, алайда шындық осы", - дейді астаналық тұрғын.

Сіздің реакцияңыз
7
1
2
3
0
8
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel