RU
100-ге толған әжей өзінен әлдеқайда жас сүйіктісіне тұрмысқа шықпақ (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

100-ге толған әжей өзінен әлдеқайда жас сүйіктісіне тұрмысқа шықпақ (фото)

Рассказать Вконтакте

Біріккен Ұлыбритания корольдігінің бір бөлігі болып саналатын Уэльсте жасы жүзге толған әжей өзінен әлдеқайда кіші сүйіктісімен отбасын құрмақ. 74 жастағы Малькольм Йейтс пен Норма Уиткисстің бірге болғандарына 30 жылдан астам уақыт өткен. Алайда заңды некеге отыруға ғашықтар енді ғана бекінген деп жазады life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Аспаз болып қызмет еткен Норма мен автобус жүргізушісі болған Малькольмнің арақатынасы махаббат оқиғаларына лық толы. Ғашықтар би сабақтарында танысып, бір-біріне ессіз ғашық болып қалған.

"Мен билей алмайтынмын. Нора мені жақсылап тұрып үйретті. Біз бірге көп саяхаттадық, жұп болып өнер көрсетіп те жүрдік. Біз үнемі біргеміз" , - дейді 74 қария.

Олардың махаббат дастандарының тойға дейін өрбуіне қалындықтың 100 жасқа келгені де кедергі болмаған сыңайлы. 30 жыл бойы бір-бірінің қасында жүрген ғашықтар енді ғана заңды некеге дайын болғандарын жеткізді. Малькольм мен Нора үйлену тойлары өтетін жерді таңдап, қалындық көйлегін де алып үлгерген. Енді қалғаны - сақина тағып, құжатқа қол қою.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

"Біз заңды некесіз-ақ та бақытты өмір кештік. Алайда, тым кеш болып кетпес үшін, өкініп қалмауымыз үшін заңды түрде ерлі-зайыпты болуға бекіндік" , - дейді Нора.

100-ге толған әжей үшін бұл екінші неке болмақ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel