Выйти
RU

"Ипотека" сөзіне ашуланған дәрігер науқасты аяусыз сабап тастады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әзірбайжанның Сумгайыт қаласында дәрігер "ипотека" деп айтқан сөзі үшін науқасты соққыға жыққан деп жазады Oxu.az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: IzmNews.Info

Көрнекі фото: IzmNews.Info

1975 жылғы азамат Сарвара Гудрат оглу тіс дәрігерінен оңбай таяқ жеп, ауруханаға түскен.

Науқас дәрігерден несиеге тіс салып беруін өтінбек болып, несиенің орнына "ипотека" сөзін қолданыпты.

Ақ халатты осы сөзге қатты ашуланып, олар өзара ерегісіп қалады. Нәтижесінде дәрігер науқасқа бірнеше ауыр жарақат келтірген көрінеді.

Қазір осы іске қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Ипотека" сөзіне ашуланған дәрігер науқасты аяусыз сабап тастады