RU
Қызылордадан төсбелгі алған Қайрат Нұртасты көпшілік түсінбей қалды (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қызылордадан төсбелгі алған Қайрат Нұртасты көпшілік түсінбей қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Өткен аптада Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай, бір топ эстрада жұлдыздары арнайы төсбелгілермен марапатталған еді. Бір қызығы арнайы марапат алушылардың ішінде Қайрат Нұртас та болған. Желі қолданушылары "Қайраттың Қызылордаға қандай еңбегі сіңді?" деп сынға алуда деп жазады NUR.KZ.

Фото: Today.kz

Фото: Today.kz

Қызылордадағы айтулы шарадағы суретін әнші Мәдина Сәдуақасова желіге жүктеген. Онда Сәдуақасовамен бірге мұндай төсбелгіні Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлі алғанын көруге болады.

Алайда, желі қолданушыларына әншілердің медальмен марапатталғаны жақпай қалған сияқты. Олар әсіресе Қайрат Нұртастың не себепті төсбелгі алғанын білмей, сынап жатыр.

Көпшілік аталған жайтқа қатысты "Әншілерден басқа төсбелгіге лайық ешкім жоқ па?", "Қайрат Нұртас та Қызылордадан ба?", "Нұртастың Сыр еліне қандай еңбегі сіңді?" деген пікірлерін жарыса жазуда.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
7
3
1
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel