RU
Мұсылман теннисші өзіне шалбарын шешуді бұйырған төрешіні жазалауды сұрап отыр
Жаңалықтар Спорт

Мұсылман теннисші өзіне шалбарын шешуді бұйырған төрешіні жазалауды сұрап отыр

Рассказать Вконтакте

Франциялық турнирде өнер көрсететін омандық теннисші Фатма Аль-Набхани өзіне нәсілшілдік танытқандарды желіде сөгіп, олардың үстінен тиісті органдарға арыз жазған. Бұл туралы eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Діни тұрғыда өзіне әділетсіздік танытқан төрешілерге өкпесін бойжеткен әлеуметтік желісі арқылы жеткізген.

"Ол менің діни тұрғыда әрбір матчта киіп шығатын шалбарымды заңға қайшы деп тауып, оны шешуімді сұрады. Мен оған түсіндіріп айтқанымда, төреші бәрібір де киімді қайырып қоюымды талап етті" , - деді Фатма.

Теннисші қыздың ашу-ызасының шарықтау шегі Миртиль Жоржемен кездесуі кезінде орын алды. Кәсіби төреші матч бойы Фатманың қарсыласымен қалжындасып, шеткі төрешілердің шешімін өзгертіп отырды дейді мұсылман спортшы.

"Ол ойын бойы маған қарсы бір беткейлі саясатты ұстанды. Қарсыласым мені француз тілінде боқтап жатқанда да оған қой деп ешкім айтқан жоқ. Ал мен өзіме жасалынып жатқан әділетсіздікті көре тұра шарасыз болдым. Маған ешкім көмектесе алмады. Бұл қысымдарға менің мұсылман болғаным себеп сияқты. Спортта нәсілге бөлінбеу керек қой" , - дейді теннисші.
Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Матч бойы төрешінің әрекеттерін түсіне алмаған Фатма ақыр соңында ойынды жалғастырудан бас тартқан. Айтуынша, ол әділетсіздіктің жалғаса беруіне шыдай алмаған..

Орын алған оқиғаға қатысты бойжеткен тиісті мекемелерге арыз жазып, әділеттікке қол жеткізбек. ITF бірлестігі бұл жайтқа қатысты тексерістің басталғанын мәлімдеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel