RU
Шашты жиі бояу қатерлі ісікке душар ететіні рас па?
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Шашты жиі бояу қатерлі ісікке душар ететіні рас па?

Рассказать Вконтакте

Фин ғалымдары шаш бояуына зерттеу жүргізіп, оның ағзаға зиян тұстарын анықтады деп хабарлайды belnovosti.by-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: TVNET

Көрнекі фото: TVNET

Ғалымдардың пайымдауынша, шаштарын жиі бояйтын әйелдер түрлі ауруларға жиі шалдығады екен. Олардың арасында тіпті сүт бездерінің қатерлі ісігі дерті де бар.

Шаш бояуы бас терісіне зиян келтіріп қана қоймай, әйел ағзасындағы гармоналдық жүйенің ауытқуына әкеп соқтырады екен. Ал, ол өз кезегінде қатерлі дертке шалдықтырады дейді ғалымдар.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, ағзадағы ауытқушылықтар 40 жастан асқан әйелдерде болатын көрінеді.

Шаш бояуы адам ағзасына біртіндеп зиян тигізе бастайды екен. Олар адам ағзасында "жинала" беріп, бір күні оңдырмай "ауыртуы" мүмкін.

Мамандардың айтуынша, шаш бояуын тым жиі пайдалануға болмайтын көрінеді.

Ал бояу шығаратын кәсіпорындар қазірге жаңа технологиялар шаштың адам ағзасына зиянын барынша азайта түсетінін алға тартады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel