Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үсік жүріп, күн ысиды: Қазан айында ауа райы қалай құбылады?

Опубликовано:

Бұл жылдың қазан айы өзінің қыңыр мінезін көрсетпек. Айдың басында елдің көп бөлігінде үсік жүрсе, артынша күн 28 градусқа дейін ыситын болады. Бұл туралы "Қазгидромет" синоптиктері мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: limon.postimees.ee
Көрнекі фото: limon.postimees.ee: UGC

Айдың басында Қазақстанда ауа-райы тұрақсыз болады. Солтүстік және шығыс өңірлерінде жаңбыр жауып, жел тұрады.

Бұл күндері солтүстікте түнде ауа-райы 0-5 градусты, күндіз 7-15 градусты көрсетсе, шығыста ауа температурасы түнде 7-12 градус, ал күндіз 17-25 градус болады.

Осыдан кейін елдің көп бөлігінде күн жылиды. Солтүстік өңірлерде ауа-райы 22 градусқа дейін көтерілсе, оңтүстікте бұл көрсеткіш 28 градусқа дейін жетеді екен.

Алайда қазақстандықтар жылы күндерге көп уақыт қуана қоймайды.

Себебі, бірінші онкүндік аяқталып, екіншісі басталғанда барлық облыстарда жаңбыр жауып, қатты жел соғады.

Суық ауа-райының кезекті толқыны үшінші онкүндіктің ортасында басталады.

Бұл уақытта солтүстікте ауа-райы күндіз 0-5 градус суық болса, түнде бұл көрсеткіш - 5-3 грудусқа тең болады.

Аталған кезеңде оңтүстік өңірлерде 10-18 градус жылы болса, түнде ауа-райы 0-5 градус суықты көрсетеді екен.

Айдағы ауаның орташа температурасы қалыпты көрсеткіштен 1 градус жоғары болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1755570-sik-zrip-kn-ysidy-kazan-ajynda-aua-rajy-kalaj-kbylady/

pixel