RU
Қазақстанда шетелдіктердің қызғанышын оятатын 5 нәрсені білесіз бе?
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанда шетелдіктердің қызғанышын оятатын 5 нәрсені білесіз бе?

Рассказать Вконтакте

Қазақстандықтардың басым бөлігі "шетелде өмір сүру қолайлы" деп ойланбастан айта алады. Дегенмен, шетелдік туристер Қазақстанның кейбір жағдайларда Еуропаның, Батыстың және Шығыстың алдын орап кететінін айтады деп жазады weproject.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: shutterstock.com

Көрнекі фото: shutterstock.com

Тұрғын үй

Қазақстанда тұрғын үй құны шетелдермен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Мысалы, АҚШ, Канада немесе Қытайда тұрғын үйді жалға алсаң да, сатып алсаң да едәуір көп ақша төлеуіңе тура келеді.

Көлік пен жанармай

Отандастарымыз жолақы қымбат деп қанша жерден шағымданса да, шет мемлекеттермен салыстырғанда елімізде жолақы құны арзан шығады. Шетелдік туристер тіпті жанармай бағамының төмендігіне таңғалып жатады. Мысалы, Еуропа азаматтары метромен немесе велосипедпен жүруді әдетке айналған, себебі бұл арзан, әрі ыңғайлы.

Ет

"Ет дегенде бет бар ма" демекші, қазақ халқымыздың ежелден келе жатқан ұлттық тағамдарының басым көпшілігі еттен жасалады. Осыған орай, елімізде еттің түр-түрі бар және олардың бағасы шет елдегі ет өнімдерінің бағасынан әлдеқайда арзан, сондықтан шетелдік азаматтар елімізге келіп жиі ет жейді.

Ұялы байланыс пен интернет

Интернет пен ұялы байланыстың бағасы шетелдік азаматтардың қызғанышын оятады. Еуропа мен батыстың барлық мемлекеттері азаматтарын сапалы, әрі арзан интернетпен қамти алмайды. Сондықтан ондағы көптеген провайдерлердің қызмет сапасы төмен екен.

Жылыту жүйесі

Қазақстанда жылу беру жүйесінде жылыту маусымы басталғанда қиындықтар болса да, қыс мезгілінде көбінесе жылу үздіксіз беріліп отырады. Ал шетелдерде, мәселен Қытай мен Италия тұрғындары, қыста үйлерінің ішінде тоңатындарын айтуда, себебі үкімет жылумен қамтудан үнемдейді екен.

Сіздің реакцияңыз
10
0
2
1
2
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel