RU
Гүлназ Жоланованың Аян Өтепбергенге тұрмысқа шыққаны рас па?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Гүлназ Жоланованың Аян Өтепбергенге тұрмысқа шыққаны рас па?

Рассказать Вконтакте

Күні кеше ғана өзінің тұрмысқа шыққанын мәлімдеген Гүлназ Жоланованың күйеуінің кім екені жұртты қызықтырып қойған еді. Тіпті актрисаның жұбайы жөніндегі алғашқы болжамдар да пайда болды. Көпшілік "отандық жұлдыздың таңдауы өз әріптесі Аян Өтепбергенге түссе керек" деген пікірде деп жазады NUR.KZ.

Фото: Instagram, Коллаж: NUR.KZ

Фото: Instagram, Коллаж: NUR.KZ

Қазақстандық кино саласы өкілдерінің отбасын құруы жайлы болжамдар әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен. Халықтың мұндай күдіктері актрисаның кешегі күнгі мәлімдемесіне дейін де болған.

Желі оқырмандары Жоланова мен Өтепбергеннің үнемі отырыстарда бір-бірінің қасында болатындарын аңғарып, оларға тіпті жұп екенін жасырмауларын да ашық жазған.

Оған қоса, әлеуметтік желідегі жазбаларға қарағанда Аян мен Гүлназдың жаңа жылды да бірге қарсы алғандарын байқауға болады.

Онсыз да өршіп тұрған күдіктер аясында көпшілік екі жұлдыздың отбасын құрғанын да болжады.

"Гүлназбен үйлесімді жұпсыздар"
"Осы сіздер жүресіздер. Мойындай салыңыздаршы. Ылғи бір жерде болып қала бересіздер, бекер емес"
"Шынымен Гүлназбен керемет жұпсыздар. Жасырып болған шығарсыздар"
"Расында да жүреді. Өз көзіммен көрдім. Сіздер үшін қуаныштымын", - деп жазды оқырмандар.

Тіпті қос әртістің қатысуымен түскен бейнебаян да бар. Аян Өтепберген өзінің кавер орындауына арнайы клип түсірмек болып, оған басты кейіпкер ретінде Гүлназды шақырған.

Бұл оқиғаға қатысты екі жұлдыздың тараптары да әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
3
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel