RU
Индонезияда тағы бір жойқын жер сілкінісі болды
Жаңалықтар Әлемде

Индонезияда тағы бір жойқын жер сілкінісі болды

Рассказать Вконтакте

1 қазан күні Индонезияда 5,1 баллды көрсеткен жер сілкінісі болды. 28 қыркүйек күні болған жер дүмпулері мыңдаған адамның өмірін алып кеткен деп хабарлайды Life сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Twitter

Фото: Twitter
Source: UGC

Жер дүмпуінің ошағы 10 мың метр тереңдікте орналасқан.

Геологиялық қызметтің мәліметі бойынша, эпицентр Палу қаласының солтүстік-батыс бағытындағы 101 шақырым жерде болған. Ондағы тұрғындар саны 282 мыңды құрайды.

Әзірге зардап шеккендер туралы мәліметтер жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 28 қыркүйек күні Индонезияда жойқын жер сілкінісі болған. Нәтижесінде 800- ден аса адам қаза тапқан еді.

Нұрсұлтан Назарбаев қайғылы оқиғаға байланысты Индонезия президентіне көңіл айтқан болатын.

Одан бөлек, табиғат апатынан зардап шеккендердің қатарында қазақстандықтар жоқ екені анықталған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel