RU
Қазақстанда 9 бірдей педофилге химиялық кастрация жасалады
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанда 9 бірдей педофилге химиялық кастрация жасалады

Рассказать Вконтакте

Биылғы жылы сексуалды белсенділікті бәсеңдететін екпе сот шешімімен 9 педофилге қолданылатын болады деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: mgorod.kz

Көрнекі фото: mgorod.kz

2018 жылы Қызылорда және ШҚО сотталушыларына сот шешімімен химиялық кастрация жасау шешімі шығарылған.

Айыптылардың екеуі де кәмелет жасына толмағандарға зорлық жасады деп айыпталған әрі олар 16 жылға түрмеге тоғытылған.

Олар қатаң режимдегі колонияда айыптарын өтейді, сондай-ақ ер адамдарға арнайы препараты бар укол салынбақ.

Ал қалған 7 сотталушыға кастрация үкім шыққаннан кейін тағайындалған екен. Енді колониядан босатылып шыққанға дейінгі 6 айда психиатриялық сараптама жасалынбақ.

Егер сотталушының сексуалды зорлыққа деген ынтасының бары анықталса, оны медицина көмегімен бәсеңдету қарастырылмақ.

Биылғы жылы аталған процедура Түркістан облысы (1), Қостанай (4) және Ақмола облыстарында (2) қолданылған.

Айта кетерлігі, кәмелет жасына толмаған жеткіншектерге сексуалды қылмыс жасағандары үшін осындай мәжбүрлі шара қолдану туралы президент жарлығы 2018 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген еді.

Бұл мақсатта мемлекет бюджеттен 9,5 млн теңге көлемінде ақша бөлді. Әр айыптыға шамамен 126 мың теңге көлеміндегі ақша бөлінеді деп жоспарланып отыр. Бұған дейін Қазақстанда алғаш рет екпені Түркістан облысында жасалатыны анықталған еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel