RU
Ұшақта жылаған сәбиді ұнатпаған бортсерік оның анасына айғайлап тастады
Жаңалықтар Әлемде

Ұшақта жылаған сәбиді ұнатпаған бортсерік оның анасына айғайлап тастады

Рассказать Вконтакте

United Airlines әуе компаниясының бортсерігі сегіз айлық баланың анасына айғайлап тастады. Нәресте бортта бес минут бойы жылаған деп хабарлайды Lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: fb.ru

Көрнекі фото: fb.ru

Өз жанұясымен Сиднейден Сан-Францискоға ұшып бара жатқан Крупа Патель Балал баласының ұшақ ұша бастағанда жылағанын айтты.

Бес минуттан соң оған бортсерік келіп, айғайлап тастапты.

"Әуе кемесі қызметкерінің айтуынша, ереже кітабында балаларға бес минуттан артық жылауға болмайды екен" ,- деді Балал.

Келіншек баланың жылауын тоқтата алмайтынын айтқанымен, бортсерік оны тыңдамаған көрінеді.

Нәтижесінде, United Airlines өкілдері мен әуе лайнерінің командирі жолаушы әйелден кешірім сұраған.

Алайда келіншек бұл әуе компаниясының қызметіне ешқашан жүгінбейтінін айтыпты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel