Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысында менингитке шалдыққан сарбаз ауруханаға түсті

Опубликовано:

Маңғыстау облысында 1997 жылғы сарбаз өзін жаман сезініп, дереу ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер жас жігітте менингококты инфекцияның барын анықтады деп жазады lada.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: podolskriamo.ru
Фото: podolskriamo.ru: UGC

Науқас 27 қыркүйек күні өзін жайсыз сезініп, әскери бөлімнің медициналық қызметінің басшысына айтқан. Ол өз кезегінде Маңғыстау облыстық ауруханасының дәрігерлеріне жағдайды түсіндіреді.

Сарбаз есінен танып қалу, дене қызуы, лоқсу, әлсіздік пен денесіндегі ісіктері мазасын алып, дәрігерге жүгінген.

Уақыт өте келе оның жағдайы тым нашарлап, 30 қыркүйек күні сағат 17:00 шамасында ол облыстық ауруханаға жеткізіледі.

Жігітке компьютерлік томография жасаған кезде оның сіреспесі ұстаған. Оны дереу түрде жасанды желдету аппаратына қосуға мәжбүр болады.

Дәрігерлер алдын ала диагноз қойды. Олардың ойынша, ер жігіт менингококты инфекция жұқтырған болса керек. Оған қоса, жас жігітте миының ісінуі де байқалған.

Қазіргі таңда сарбаз аса ауыр жағдайда жатыр. Онымен қарым-қатынаста болған қызметтестері жіті бақылауға алынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1755616-magystau-oblysynda-meningitke-saldykkan-sarbaz-auruhanaga-tsti/

pixel