RU
Стамбулда қайтыс болған қазақстандық азаматтың кім екені анықталды
Жаңалықтар Қоғам

Стамбулда қайтыс болған қазақстандық азаматтың кім екені анықталды

Рассказать Вконтакте

Стамбул әуежайында қайтыс болған Қазқастан азаматының кім екені анықталды. Алайда марқұмның туыстары ол туралы ақпаратты жария етпеуді өтінуде. Бұл туралы баспасөз мәслихаты кезінде Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Oooarsenal.ru

Фото: Oooarsenal.ru
Source: UGC

"Біздің азамат Стамбулға 26 қыркүйек күні келіп, Түркия шекарасынан өтіп әуежай ішінде ертеңгі күнге дейін болған. Шамамен ол сағат 15:00-де екінші қабаттан құлап кетті" , - деді Смадияров.

Қазақстандықтың денесі стамбулдық ауруханалардың бірінде. Марқұмның әйелі Түркия астанасына келіп, күйеуінің денесін елге қайтару үшін тиісті құжаттарды жасап жатыр.

Оған Түркиядағы еліміздің елшісі көмектесуде. Марқұмның денесін жақын арада Қазақстанға әкелетін болады.

Оған қоса, Смадияров оқиғаға қатысты түркиялық полицейлер тергеу жұмыстарын бастағанын хабарлады.

"Түркиялық тәртіп сақшыларымен бірлесе біздің елші бейнебақылау камераларын қарайтын болады. Оған уақыт керек. Ол шамамен тәулік бойы әуежайда болған. Алдын ала мәлімет бойынша бұл жазатайым оқиға болса керек" , - деді министрліктің ресми өкілі.

Бүгінгі күні отандасымыздың әрбір қадамы тексеріліп жатыр. Ең бастысы, оның әуежайда бір тәулік бойы не істегені анықталуда.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel