RU
Ақтөбелік тұрғын көршінің балаларын қарумен қорқытып ақша сұраған
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбелік тұрғын көршінің балаларын қарумен қорқытып ақша сұраған

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде 12 мөлтек ауданында тұратын азамат 28 қыркүйек күні көрші үйде үлкендердің жоғын біліп, балаларынан ақша талап еткен. Бетперде киіп қаруланған ер адам есікті өзі ашып алыпты. Бұл туралы NUR.KZ тілшісіне зардап шегуші әйел айтып берді.

Ақтөбелік тұрғын көршінің балаларын пистолетпен қорқытып ақша сұраған

Көрнекі фото: avatarko.ru
Source: UGC

"Кешкі сағат сегіз шамасында жолдасым екеуміз жарты сағатқа үйден шықтық. Ол адам үйде біздің болмайтынымызды білген.

Кеткен кезде 10-15 минуттың ішінде үйге кіріп тұр. Үйде төрт бала болды. Өзімнің екі балам және көршінің балалары. Есікті кілтпен ашып кіріп келгенде қызым мен деп ойлап атып шыққан.

Пистолетпен, маскамен кірген адамды көргенде қызым шыңғырып жібереді. Балалар бөлмелерге қашып тығылған.

Ер балалар бірден "үйде ақша жоқ" деген. Қыздар "Саламатсыз ба, бізге тиіспеңізші, қазір ақша тауып береміз" деп амандасып, оны алдағысы келген. Ол адам өзі шкафтарды, холодильникті ашып, ештеңе таппаған.

Екінші бөлмеде баламның маған хабарласып жатқанын көріп қашып кеткен. Үйге келіп бірден полиция шақырдық", - дейді жәбірленуші.

Үйде болған 6 мен 10 жас аралығындағы төрт бала қорқып қалған. Анасы 6 жастағы қызының жағдайы қиын екенін айтты.

"Есікті сындырмағаннан білетін адамның ашқаны көрініп тұрды. "Ұры алыстан келмейді" деген рас екен.

Балаларымызды пистолетпен қорқытып ақша сұрап жүрген өзіміздің көрші болып шықты. Ол адам жолдасыма еріп үйге жиі келетін.

Қазір полицияда тергеу жүріп жатыр. Әйелі қайта-қайта келіп кешірім сұрап жүр.

Пистолет пен маска киген адамнан қорқып қалған 6 жастағы қызымның денсаулығы үшін алаңдаймын", - дейді зардап шегуші.

Ол балаларының өмірі және отбасы қауіпсіздігі үшін атын атамауын өтінді.

Ал пәтер иелері кооперативінің қызметкерлері мұндай жағдайдың бірінші рет орын алғанын айтады.

"Оқиғаны естідік. Учаскелік полиция қызметкері келіп сол үйде тұратын адамдардың тізімін, телефондарын алды. Ұрлық болған үйде де камера бар. Мұндай жағдай бірінші рет болып тұр", - дейді "Жанабек" ПИК-нің қызметкері Қайсар Сабиров.
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel