RU
Марадона Мессиден Аргентина құрамасына оралмауын сұрап отыр
Жаңалықтар Спорт

Марадона Мессиден Аргентина құрамасына оралмауын сұрап отыр

Рассказать Вконтакте

Аргентина құрмасында өнер көрсеткен атақты футболшы Диего Марадона ұлттық құрама мен "Барселона" шабуылшысы Лионель Мессиге өз ақылын айтты деп хабарлайды "Чемпионат" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: dynamo.kiev.ua

Көрнекі фото: dynamo.kiev.ua

Биыл Ресейде өткен футболдан әлем чемпионатында танымал футболшыны әбден сынға алған Марадона одан ұлттық құрамаға оралмауын сұрап отыр.

"Мен оған ұлттық құрмаға оралмауға кеңес берер едім. Аргентина құрмасы U15 жеңіліп жатыр. Бұл Мессидің кінәсы. "Расинг" чемпионатында "Бока Хуниорспен" кездеседі, Месси кінәлі. Оны үнемі және барлық жағдайда кінәлайды. Мен оған Лео: "Қайта оралма. Кәне көрейік, олардың не істей алатынын" деп айтар едім", - деген Марадонаның сөзін басылым келтірді.

Еске сала кетейік Ресейде өткен тартысты доп додасында Мессидің жұлдызы жанбады. Ол намысын қорғаған Аргентина құрмасы 1/8 финалда Франциядан жеңіліп, үйлеріне қайтқан еді.

Бұдан кейін уақытша демалыс алған футболшы 2019 жылға дейін ұлттық құрамада өнер көрсетпейтінін айтқан.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel