Выйти
RU

Фируза Шәріпова ең сұлу 10 спортшының тізіміне енді (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейлік "СПОРТ №1" журналы қазақстандық боксшы Фируза Шәріпованы ең сұлу спортшылардың бірі деп таныған. Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Басылымның жазуынша, отандасымыздың тартымдылығы оның соққыларынан да жойқын болып тұр екен. Тараздық боксшы қыздың сұлулығына тәнті болғандар оның әлуметтік желідегі жанкүйерлерінің де күн санап өсіп жатқанын атап өткен.

Сондай-ақ, журнал Фируза Шәріпованың басты мақсаты - Олимпиада шыңнын бағындырып, жеңіске жету екенін де еске салған.

Айта кетейік, үздік ондықтан көрінген сұлу бойжеткендер қатарында Фирузаның қарсыласы, ресейлік Софья Очигава мен боксшы Светлана Кулакова бар.

Бұдан бөлек ең көрікті спортшылар тізімінен: ММА-лық Пейдж Ванзант, Александра Албу, Марина Мохнаткина, таиландтық боксшы Екатерина Вандарьева, еркін күрестен олимпиада чемпионы Наталья Воробьеваны көруге болады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Фируза Шәріпова ең сұлу 10 спортшының тізіміне енді (фото)