Выйти
RU

БАҚ: Қостанай облысында оқушы қызды ұрлап кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қостанай облысының Затобольск қаласында белгісіз адам екінші сынып оқушысын күшпен көлікке отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткен деп хабарлайды "Алау" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Clutch.ua

Көрнекі фото: Clutch.ua

Бұл жағдайды өзге мектеп оқушысы көрген. Оның сөзінше, ұрлықшы баланың тамағынан ұстап алып кеткен.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиғаға қатысты жедел тергеу шарасы жүріп жатыр. Қаладан шығарар жердің барлығына кедергілер қойылған.

«Наш Костанай» басылымының хабарлауынша, оқиға үшінші мектеп пен "Березка" дүкенінің жанында болған.

Полицейлер қаладан шығатын және кіретін көліктерді тоқтатып тексеруде. Әсіресе қызыл және қызғылт-сары түсті көліктерге ерекше назар аударылуда екен.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
БАҚ: Қостанай облысында оқушы қызды ұрлап кетті