RU
"Ұят жағдай": Винокуров тау жақты қоқысқа толтырған алматылықтарды сынға алды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Ұят жағдай": Винокуров тау жақты қоқысқа толтырған алматылықтарды сынға алды

Рассказать Вконтакте

Александр Винокуров Үлкен Алматы көлінінің айналасын қоқысқа лық толы болғаны үшін қала тұрғындарын аяусыз сынап тастады. Оңтүстік астананың керемет көріністерін арнайы Италиядан келген Виттория Брумотти есімді спортшыға аралатып көрсетпек болған қазақстандық велошабандоз ұятқа қалған деп жазады NUR.KZ.

Елімізге қонақ болып келген Виттория Брумоттиге Үлкен Алматы көлінінің ерекше көрінісін көрсетпек болған Винокуровтың жоспарын толассыз шашылып жатқан қоқыс құртқан.

"Біз ең әдемі деген жердің біріне барып, табиғаттың ерекше көрінісін тамашалағанның орнына, мына қоқыстарға қарауымызға тура келді. Өте ұят жағдай достар.
Адамдар қалаған жеріне қоқыс тастап, айналасын ластауда. Сол үшін табиғатқа аса ерекше назармен қарайық. Өз қалаңызды жақсы көріңіз. Оның тазалығы үшін барын салғыңыз келсе, өзіңізден бастаңыз" , - деп жазған қазақстандық велошабандоз.

Винокуровтың өз парақшасына жүктеген бейнежазбасында ол басқалардың қоқыстарын жинауға кірісетіні көрініс тапты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel