RU
Мәдина Садуақасованың жаңа шаш үлгісі тыңдармандарға ұнамай қалды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Мәдина Садуақасованың жаңа шаш үлгісі тыңдармандарға ұнамай қалды

Рассказать Вконтакте

Мадина Сәдуақасова өзінің көпшілікке үйреншікті болып қалған образын түбегейлі өзгертіп, жанкүйерлерін ойламаған жерден таңғалдырды. Отандық танымал әнші шаш үлгісіне елеулі өзгеріс енгізген соң жұрттың қызу талқысына түсті деп жазады NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова өзінің Instagram парақшасында шаш үлгісі мен стилін өзгерткенін бірінші болып өз оқырмандарымен бөліскен.

Шоу-бизнес жұлдызының бұл бейнесі біріне ұнап жатса, кейбірінің көңілінен мүлде шықпаған.

Желі оқырмандары әншінің жаңа образын қызу талқыға салып, еркін түрде өз пікірлерін білдірді.

Олар Сәдуақасованың жаңа образы өзіне мүлде жараспайтынын да жарыса жазған.

"Образ ерекше, талғам жоғары. Алайда, сізге түк жарасып тұрған жоқ"
"Әдетте киетін көйлектеріңіздің көзін құртқаныңыз жақсы болды. Бірақ мына шаш үлгісін мен түсіне алмай отырмын. Дым жараспайды"
"Ұзын шашты неге қиып тастадыңыз? Мында тіпті, Роза Рымбаевадан да кәрі көрініп тұрсыз"
"Мүлде жарасымды да үйлесімді де емес. Менің жеке пікірім."
"Танымай қалдым. Мадинаға не болған аяқ асты мұндай өзгерістерге баруына" , - деп жазуда оқырмандар.

Сіздің реакцияңыз
4
4
2
1
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel