RU
Петропавлда 88 жастағы қария қоқыс арасында өмір сүріп жатыр
Жаңалықтар Қоғам

Петропавлда 88 жастағы қария қоқыс арасында өмір сүріп жатыр

Рассказать Вконтакте

Кезінде лауазымды қызмет атқарған петропавлдық 88 жастағы қария бүгінде қоқыс арасында өмір сүруде деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото: КТК арнасынан кадр

Фото: КТК арнасынан кадр

Жалғыз қалған Владимир Козлов өзіне көмек қолын созғысы келетін адамдарды жақындатпайды екен.

Әкімдіктен берілген бір бөлмелі жатақханада тұрып жатқан қария бір жылдан бері жуынбаған.

Ал әжетханаға қажеттілік туындаса, оны да бөлмесінде "атқара" береді екен.

90-ға жақындаған қарияның Петропавлда жалғыз ұлы тұрады. Алайда Козлов ұлымен арада болған кикілжіңнен соң жатақханаға шығып кеткен.

Тыл еңбеккерінің бөлмесінен шыққан иістен шаршаған көршілері үлкен кісінің үйін жинап, ас-ауқатын дайындап бермек болған.

Алайда қария оларды "тонап кетесіңдер" деп үйіне жақындатпай қойған.

Козловтың көршісі Анна Низинаның айтуынша, олар әкімдікке де, жергілікті полицияға да хабарласқан. Бірақ нәтиже болмапты. Маңына адам жуытпайтын қария ішімдікке де жақын болып шықты.

Ал әкімдіктегілер көршілерін мезі еткен қария жайлы мүлде білмейтін болып шықты.

Петропавл қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Асхат Құсайынов алдағы уақытта қарияға үйін жинап беретін әлеуметтік қызметкер бөлмек.

Бірақ жақын жерде қарияның ұлы тұратындықтан, мемлекет арнайы қызметкер бөлуге міндетті емес болып шықты.

Дереккөз: КТК арнасы

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel