RU
Ақтауда менингитке байланысты әскери бөлімде карантин жарияланды
Жаңалықтар Қоғам

Ақтауда менингитке байланысты әскери бөлімде карантин жарияланды

Рассказать Вконтакте

Ақтауда менингит жұқтырған сарбаз ес-түссіз ауруханаға түсті. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалауда. 21 жастағы жас жігіт қазір арнайы тыныс алу аппаратының көмегімен жатыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото: Sputnik / Анатолий Медведь

Фото: Sputnik / Анатолий Медведь

Жағдайы ауыр Бауыржан Елкүндиев 30 қыркүйек күні ауруханаға жеткізілген. 66-55 әскери бөлімінің 21 жастағы сарбазының үш күн бойы дене қызуы түспеген көрінеді.

Мамандар оған менингит диагнозын қойып, тексеру жүргізгенде, бұл шындыққа айналған.

Енді науқаспен байланысқа түскен 355 сарбазды тексеруден өткізіп, әскери бөлімшеде карантин жарияланбақ.

Ал Маңғыстау облыстық ауруханасныың директоры Болат Қаюповтың айтуынша, жас жігіттегі менингит инфекциясының қай түрі екені анықталмаған. Қазір сараптама дайындалып, Бауыржанның араласқан адамдары қатаң бақылауға алынған.

Дереккөз: КТК арнасы

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel