RU
Сексуалды суреттерін көрсеткен Әсел Асқар көптің сынына ұшырады (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Сексуалды суреттерін көрсеткен Әсел Асқар көптің сынына ұшырады (фото)

Рассказать Вконтакте

Отандық әнші Бүркіттің қарындасы Әсел Асқар желіде өзінің ашық образды фотосессиясымен бөлісті. Бойжеткен өз парақшасына сексуалды суреттерін жүктеп, ұят мәселесіне қатысты ұстанатын пікірін жайып салды. Көпшілік Instagram жұлдызын сынға алып, оның жазбасын талқыға салған деп жазады NUR.KZ.

Әсел Асқар өз парақшасына ашық суреттерін жүктеп, елдің қаһарына ұшырай жаздады.

Әнші Бүркіттің қарындасы сексуалды фотосессиясының нәтижесімен өз оқырмандарымен бөлісе отыра, ұят тақырыбында ой толғаған.

"Сіздермен ұят тақырыбына сөйлескелі отырмын. Біздің санамызға бұл нәрсені бала күнімізден сіңіргені анық. Мынаны істеген ұят, ананы істеген ұят. Менің ашық суреттерім де ертең ұят болары анық. Алайда, мен бұл түсірілімге қатысуға өздігімнен бел будым. Сол себепті өзімді бір жаман нәрсе істеп қойғандай мүлде сезінбеймін", - деп жазған ару.

Желі қолданушылар танымал жұлдыздың қарындасының ашық образды фотосессиясына қатысты жағымсыз пікірлерін білдіріп, наразылық танытқан.

Көпшілік ұл баланы тәрбиелеп отырған сылқымның қылығын ерсі санайды екен.

"Қазақтан ұятты алып тастай алмайсың. Осыған дейін қазақша оқыған өлеңдеріңді сүйсіне тыңдағанмын. Енді мына суретті көріп өзіме өзім сене алмай отырмын"
"Осы қазіргі қыздарға не көрінді. Бірінің артынан бірі шешініп барады"
"Сізге тән емес сияқты. Сондай тәрбиелі деп ойлағанмын. Мынауңыз артық енді"
"Ата-анаңыз бен ұлыңызды ойламайсыз ба ең құрмағанда" , - деп жазды оқырмандар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
25
1
3
1
0
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel