RU
103 жастағы қариядан алғыс алған Ұшқын Жамалбекке жұрт риза болды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

103 жастағы қариядан алғыс алған Ұшқын Жамалбекке жұрт риза болды (видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Ұшқын Жамалбек жасы 103-ке келген қарт әжейдің батасын алып, жұрттың сүйіспеншілігіне бөленді деп жазады NUR.KZ.

Әнші Оралдағы қариямен кездесу жайлы өзінің желідегі парақшасында мәлім етті.

"Оралдағы 103-ке келген апаның үйіне барып, жағдайын сұрап, батасын алып қайттым.
"Жаман болмайсың" дейді. Елдің айнасы қариялар аман болсын", - деді әнші.

Ал желі қолданушылары "Сізге осы апаның жасын берсін", "Батамен ел көгерер" дейді. Аман болыңыз", "Жарайсыз. Үлкендердің алғысын алғанға не жетсін", - деп пікір білдірді.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Жазира мен Жанболат та 97 жасқа келген әжесін көпшілікке көрсеткен болатын.

Талай қиындықты бастан өткерген қарияны оқырмандар жылы қабылдап, әжеге ұзақ ғұмыр тіледі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel