RU
Қостанай облысында "бала ұрлаған" ер адам оның әкесі болып шықты
Жаңалықтар Қоғам

Қостанай облысында "бала ұрлаған" ер адам оның әкесі болып шықты

Рассказать Вконтакте

Қостанай облысында бала ұрланды деген ақпарат күні кеше ғана әлеуметтік желіге тарап, шу тудырған болатын. Жедел тергеу амалдарының арқасында полицейлер бүлдіршін мен оны "ұрлап кеткен адамды" да анықтаған. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: i-sonnik.ru

Фото: i-sonnik.ru

Күні кеше полиция басқармасына бала ұрлау жөнінде ақпарат келіп түскен. Куәгерлердің шағымдарына сәйкес, бала ұрлау Затобольск ауылында орын алған.

Оқиғаны өз көзімен көрген қыздың айтуынша, күдікті жылап жатқан төрт жасар баланы күштеп көлікке отырғызып, белгісіз бағытта алып кеткен.

Мектеп оқушысы болған жайтты анасына айтып, олар сәйкесінше жергілікті бөлімшеге хабарлапты.

Куәгерлердің шығымына байланысты тәртіп сақшылары бірден жедел іздестіру шараларын қолға алды.

Полицейлердің белсенді түрде қызмет етуі өз нәтижесін беріп, "ұрланған бала" өз үйінен табылған.

Анықталғандай, баланы ұрлады деп күдіктелген ер адам оның әкесі болып шықты. Олар дүкенге кіріп шыққан уақытта балақай құлап, алған жарақатынан жылап қалған.

43 жастағы азаматтың баласын көтеріп көлікке отырғызудан басқа амалы болмапты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel