RU
Өз ұлын қорғаған алматылық ұстаз жанұясымен бірге оқушыны ұрып кеткен
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Өз ұлын қорғаған алматылық ұстаз жанұясымен бірге оқушыны ұрып кеткен

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласындағы № 146 мектепте әлеуметтік педагог ұлын қорғаймын деп өз отбасымен бірге мектеп оқушысын ұрып тастаған. Бар мәселе екі жеткіншектің WhatsApp желісінде сөзге келіп қалғанынан туындапты. Ал қазір ауруханада жатқан баланың анасы Евгения кінәлілер жазаланғанын қалайды деп хабарлайды 31 арна.

Фото: Видеодан кадр/ 31 арна

Фото: Видеодан кадр/ 31 арна

Оқиға 24 қыркүйек күні орын алған. Педагогтың ұлы мен Арнұр Мақсатұлының желіде ерегісіп қалғанын білген мектеп басшылығы екіншісін өз кабинетіне шақырыпты.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен сөйлесіп, сыртқа шығып бара жатқан жеткіншекті дәлізде әлеуметтік педагог пен оның күйеуі, қызы мен ұлы күтіп тұрған. Артынша олар мектеп оқушысын соққыға жығып тастапты.

Арнұрдың анасы Евгенияның сөзінше, баласының ауырып тұрғанын көрген мектеп ұстазы оны "актерге" балаған. Ал мектеп басшылығы тіпті жедел жәрдем мен полиция шақыруға рұқсат бермеген көрінеді.

"Біз келгенше балаға ешкім көмек көрсетпеген. Жедел жәрдем шақыртпаған. Біз полицияға шағымданамыз дегенде, бізді мектептен шығармай қойды",- дейді Арнұрдың анасы Евгения Қожалымова.

Қазір Арнұр Мақсатұлы аурхунада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, балада жабық ми жарақаты мен түрлі жаралар бар.

Ал өз ұлына болысып, өзге оқушыны соққыға жыққан әлеуметтік педагог Шынар Ілиясқызы сұхбат беруден үзілді-кесілді бас тартқан. Тіпті, оқиғадан кейін де ол баланың анасымен ерегісіп қалыпты.

Ұлының зардап шеккенін айтып шырылдаған ата-ана кінәлілердің әділ жазалануын сұрайды.

Дереккөз: 31 арна

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
1
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel