RU
Қырғыз басшысы ғаламтордағы өзі туралы әзіл суретті қалай қабылдады?
Жаңалықтар Әлемде

Қырғыз басшысы ғаламтордағы өзі туралы әзіл суретті қалай қабылдады?

Рассказать Вконтакте

Қырғызстан президенті Соорбай Жээнбэков графикалық дизайнер Никита Тарасенконың әзіл суретіне баға берді деп хабарлайды 24.kg.

kabarlar.org

Көрнекі сурет: kabarlar.org

Ғаламтор беттерінде қырғыз басшысының суреттері кеңінен таралып кеткен.

Желі қолданушыларының басым көпшілігі Жээнбековтың суретін көріп мәз болса, енді біріне президентті бұлай келеке еткендері ұнамай, полицияға шағымданыпты.

Олардың айтуынша, мұндай әзілдер қырғыз елінің басшысының ар-намысына, абыройына нұқсан келтіреді.

Алайда президенттің өзі сурет авторына еш ренжімеген болып шықты.

"Президент әзіл суретті көріп, күліп қана қойды" , - деп хабарлады президент аппаратының баспасөз хатшысы Толғанай Стамалиева.

Қазір Бас прокуратура бұл суретте президент намысына тиетін астар бар-жоғын тексеруде.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel