RU
Алматылық әйел жылдамдықпен келе жатқан көлік үстіне секіріп, көз жұмды
Жаңалықтар Қоғам

Алматылық әйел жылдамдықпен келе жатқан көлік үстіне секіріп, көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы Рысқұлов даңғылында жантүршігерлік жол апаты орын алып, оның нәтижесінде әйел адам қайтыс болды деп хабарлайды Қазақпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:sputniknews.kz

Фото:sputniknews.kz

"Тойота" жүргізушісінің айтуынша, ол ары-бері жүгіріп жүрген әйелді байқай сала жылдамдығын түсіре бастапты. Алайда әйел адам бәрібір көліктің үстіне секіріп, оқиғадан алған жарақаттары салдарынан көз жұмған.

Sputnik Қазақстанның хабарлауынша, оқиға куәгерлері марқұмның жалғыз болмағанын айтты.

Олардың мәлімдеуінше, әйел адам қасындағы ер адаммен бірге жолдан жүгіріп өтпек болған. Ал "Тойота" жүргізушісі келіншекті үлкен жылдамдықта қағып кетіпті.

Оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшылары марқұм әйелдің кім екені мен оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.

Фото: sputnuknews.kz

Фото: sputnuknews.kz

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel