RU
Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты Мұхтар Әблязовтің ісі сотқа жіберілді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты Мұхтар Әблязовтің ісі сотқа жіберілді

Рассказать Вконтакте

Қылмыстық-процестік кодекстің 304 бабына сәйкес Қазақстанның бас прокуратурасы 2018 жылдың 2 қазанында айыпталушы Мұхтар Әблязовтің ісін сотқа жіберді деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: baribar.kz, btvn.ru, fromua.news/ Коллаж: NUR.KZ

Фото: baribar.kz, btvn.ru, fromua.news/ Коллаж: NUR.KZ

Әблязовке қатысты іс Жамбыл облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында қаралады.

Экс-шенеунік 2004 жылы қызметінен босаған соң Мұратхан Тоқмадиге "БанкТұранӘлем" АҚ басшысы Ерлан Тәтішевті өлтіруге тапсырыс берген деп айыпталып отыр.

Қаржылай сыйақы ретінде ол төрт млн АҚШ долларын берген.

2004 жылдың 19 желтоқсанында Мұратхан Тоқмади Жамбыл облысы Қордай ауданындағы аңшылық кезінде аңшы мылтығынан оқ атып, Ерлан Тәтішевті өлтірген.

Осыдан кейін Мұхтар Әблязов аталған банкті басқарды.

Қылмыстық іздеу органдары осыған дейін Әблязовті тергеу жұмыстарына барлық БАҚ өкілдері арқылы шақырған еді. Оның ішінде франциялық «Le FIGARO» және «I`Opinion» газеттері де бар.

Қыркүйек айының басында Тәтішев өлімі бойынша Әблязовқа қатысты тергеу жұмыстары аяқталған болатын.

Айыпталушының бой көрсетпеуіне байланысты оған Алматы облыстық адвокаттар коллегиясынан кәсіби адвокат бекітілген.

Енді қылмыстық кодекске байланысты Мұхтар Әблязов өмір бойына бас бостандығынан айырылмақ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel