RU
Сағынтаев елорданың су жаңа әкімі Бақыт Сұлтановқа шүйлікті
Жаңалықтар Саясат және экономика

Сағынтаев елорданың су жаңа әкімі Бақыт Сұлтановқа шүйлікті

Рассказать Вконтакте

Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Астана әкіміне әлеуметтік маңызды тауарлардың қымбаттау себептеріне қарсы күрестің әлсіз күйде жүріп жатқанын басып айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: 24.kz

Фото: 24.kz

Бақыт Сұлтанов азық-түлік тауарларының бағасына қатысты есеп беру барысында күріш пен қанттың бағасы 21 пайызға қымбаттап кеткенін айтып өтті.

"Бағалардың өсімі маусымдылыққа тікелей байланысты. Әрине бұл дегеніміз аса маңызды үрдіс. Сол себепті бізге айтылған ескерту толықтай орынды. Алдын алу шараларын қолданатын боламыз" , - деді елорда әкімі.

Оған қоса, Сұлтанов тұрақтандыру қорында сауда-саттық пунктерін қамтамасыз ете аларлық күріш пен қант мөлшері барын ескере кетті. Астана әкімінің айтуынша, әкімшілік депозитінде де әлі игерілмеген 1,5 миллирд қаржы бар.

Бұл тұрғыда Сағынтаев елорданы Атырау облысымен салыстырып, Астананың кем тұстарын ашып айтты.

"Атырау облысы депозитте ақша жоқ, бағалар өсіп жатқан жоқ деп айтар еді. Неге сендер қаражатты шоттарыңда сақтап жүрсіңдер?" , - деген премьер-министр бағалар өсіп, инфляция жақындап келе жатқанда ақша есепшотта игерілмей жатқанын алға тартты.

Сұлтанов өз кезегінде, бағаларды түсіруге арнайы жәрмеңкелер ұйымдастырылып жатқанын жеткізді.

"Мұндай жәрмеңкелер бағаға әсер етуге көмектеседі ме? Қымбат бағаларға ие өңірлер келіп жатыр ма? " , - деді Сағынтаев.

Астана әкімі олардың шынымен әсері елеулі екенін айта кетіп, азық-түлік бағасы елордада ғана емес басқа қалаларда да көтеріліп кеткенін алға тартты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
0
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel