RU
"Бәйтеректі алып кетер едім": Эстониялық азамат Қазақстан жайлы ойымен бөлісті
Жаңалықтар Қоғам

"Бәйтеректі алып кетер едім": Эстониялық азамат Қазақстан жайлы ойымен бөлісті

Рассказать Вконтакте

Эстониялық Ааре Лапынин былтырғы жылдың желтоқсанында Қазақстанға "Астана" халықаралық қаржы орталығына қызмет бабымен келген. Шетел азаматының басты міндеті – қаржы орталығындағы процедураларды цифрландыру. Елімізге алғаш рет келген ол Астананы "қысы қаһарлы, суық қала" дейді. Эстон азаматының Қазақстан жайлы пікірін NUR.KZ тілшісі тыңдап қайтты.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

- Ааре, алғашқы сауалымызды өзіңіз туып өскен елден бастасақ? Эстония мен Қазақстанның қандай айырмашылығы бар?

Эстония сіздердің елмен салыстырғанда, өте кішкентай ел. Бізде де Астанадағыдай қатты жел, суық болып тұрады. Бір ғана айырмашылық - біз теңіздің жағасындағы елміз. Эстонияның үш жағын да су қоршап жатыр. Балық аулауды жақсы көреміз, сосын біздің елде электрондық үкімет жақсы дамыған.

- Қазақстанға алғаш рет қашан келдіңіз?

Мұнда алғаш рет өткен жылдың желтоқсан айында келдім.

- Астанаға келгенде неге таң қалдыңыз?

Шынымды айтсам, бізде Эстонияда да өте суық болады ғой. Бірақ Астананы, Қазақстанды дәл осындай қысы қаһарлы, суық қала деп ойламаппын. Мысалы осы қыста қатты аяз болды. Соған таң қалдым.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

- Ал, Астана сізге несімен ұнады?

Астана таза, өте шағын, әдемі қала. Қаланың инженерлік тұрғыда жоспарланып салынған қала екені көрініп тұр. Астана мен болған жаңа қалалардың ішінде алғашқысы емес. Бір өкініштісі, Астанада тек теңіз жоқ.

Эстонияның теңізі мен оның жағасында жүргенді сағынамын. Осында да дәл сондай су, теңіздің самалы болса екен деймін. Ал, жалпы қала қатты ұнады, мұнда шетелдік азаматқа қажет барлық жағдай жасалған.

- Эстонияға өзіңізбен бірге Астанадан нені алып кеткіңіз келеді?

Астанадағы индустриалды эстетика маған қатты ұнайды. Осы Бәйтерек тұрған алаң мен саябақты өзіммен бірге алып кететін едім. Сосын қазақ халқының қонақжайлылығы мен жомарттығына тәнтімін.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

- Эстондықтар мен қазақстандықтардың арасында қандай айырмашылықтар бар?

Негізі эстондықтар аз сөйлейді. Сөйлесе тек нақты іске қатысты қана пікір білдіретін шығар. Ал Қазақстанда керісінше, адамдар өте ашық, көмектесуге дайын тұрады. Сосын ХХ ғасырдың екінші жартысындағы, азғантай ғана ортақ тарихымыз бар.

Сіздер де Эстония сияқты электронды үкіметті қолға алып жатырсыздар, яғни, біздегідей бюрократияны түбегейлі жоюды көздейсіздер. Осы тұрғыдан мақсат-мүддеміз бір деп ойлаймын.

- "Бешбармақтың" дәмін татып көрдіңіз бе?

Әрине, дәмді әзірленген ет тағамын сүйіп жеймін. Сосын ұлттық сусын – қымыздың да дәмін таттым. Ал, бешбармаққа келер болсам, жылқы етінің, жаймасының дәмі тіл үйіретін бешмармақты жақсы көремін.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel