RU
Жанқош Тұраров WBA-дағы үздік боксшылар қатарынан шығып қалды
Жаңалықтар Спорт

Жанқош Тұраров WBA-дағы үздік боксшылар қатарынан шығып қалды

Рассказать Вконтакте

Дүниежүзілік бокс бірлестігі WBА-ның жаңартылған рейтінгісі жарияланды. Оған сәйкес, кәсіпқой бокста 22 жеңісі бар Жанқош Тұраров үздік 15 боксшы тізімінен түсіп қалған деп жазады sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: today.kz

Фото: today.kz

WBA-ның жаңартылған көрсеткіштеріне орай отандық спортшылардың дәрежелерінде бірқатар өзгеріс орын алған.

Бірінші ауыр салмақта өнер көрсететін Иса Ақбербаев өз дивизионындағы 14-ші орынды сақтап қалған.

Геннадий Головкин Сауль Альварестен ұтылаған соң, орта салмақтағы тізімнің екінші орнына жайғасты. Бұл салмақтағы үздік спортшы болып Давид Лемье табылды.

Бұған дейін жартылай салмақ дивизионында 13-ші орында болған Жанқош Тұраров, енді өз салмағындағы үздік 15 боксшы қатарынан шығып қалды.

Айта кетейік, өткен айдың шығарылымында WBA рейтингісінен Қанат Ислам да түсіп қалған болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel