RU
Өскемендік полицей кортежді өткізу үшін жедел жәрдемді тоқтатып қойған (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Өскемендік полицей кортежді өткізу үшін жедел жәрдемді тоқтатып қойған (видео)

Рассказать Вконтакте

Өскеменде куәгер көшедегі көлік қозғалысын реттеуші полицейдің жедел жәрдем көлігін тоқтатып, кортежді өткізгенін видеоға түсіріп алған деп хабарлайды YK-news.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Sputnik / Наталья Селиверстов

Көрнекі фото: Sputnik / Наталья Селиверстов

Видео авторының мәліметінше, дабылдық белгісін қосқан жедел жәрдем көлігі Ертіс өзенінің көпіріне қарай қозғалып бара жатқан.

Ал жол полициясының қызметкері барлық көліктерді тоқтатып, кортежді өткізген екен.

"Көліктің дыбыс және жарық дабылы қосулы болды, алайда полицей бұған мән бермей, алдымен кортежді өткізді. Ал егер жедел жәрдем көлігінің ішінде өлім аузында жатқан біреу болса ше?", - деді бейнекөрініс авторы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
1
3
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel